Оралда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Ulysmedia

Бала әртүрлі жарақаттармен балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

mgorod.kz-ның мәліметінше, оқиға 9 желтоқсан күні Кекілбаев көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйде болған.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, төрт жасар бала қараусыз қалып, екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Дәрігерлер баланың оң жақ самай аймағының көгеруі, жабық бас-ми жарақаты, миы шайқалған деген диагноз қойып, оны облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызды.