Полицияға қаржы ұйымының қызметкері қоңырау шалып, тәртіп сақшыларынан шұғыл келуді өтінді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Polisia.kz-ның мәліметінше, ер адам банкке келіп, жанжал шығарып, бізге жұмыс істеуге кедергі келтірген.
«Бөлмеден кету туралы өтінішімізге құлақ салмайды», – деді қоңырау шалушы.
Оқиға орнына келген полицейлер істің барлық мән-жайын анықтады. Қала тұрғыны қымбат телефон сатып алуды жоспарлап отырғандықтан, оған несие беруді талап еткен. Бірақ қаржы ұйымының жұмыскерлері өтініштен бас тартты, себебі бұл клиент несие алу шарттарына сәйкес келмеді. Ол жұмыс істемейді және басқа қарыздарды өтемеген. Содан кейін ер адам қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіре бастады, айқайлап, басқа келушілерді қорқытты.
Полиция қызметкерлерін көргенде, ол тынышталып, кетуге асықты. Бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, ол бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Материал сотқа жіберілді.