Түркістанда екі жасар бала анасын іздеп екі шақырым жүрді

Ulysmedia

Сарыағаш ауданының тұрғыны аудан орталығының вокзал маңындағы көшелердің бірінде баласын жоғалтып алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Instagram/rozysk_kz

rozysk_kz-ның мәліметінше, әйел баласыз өз бетінше іздеп таппақ болған, бірақ таба алмаған. Ол полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Полиция қызметкерлері жоғалған сәбиді үйден 2 шақырым жердегі аудан орталығындағы жол қиылыстарының бірінен тапты. Олар табылған баланы ата-анасына тапсырды.

Сәбидің анасы баласын тауып берген тәртіп сақшыларына алғыс айтты.