Атырау облысында мақта тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Ulysmedia

Оқиға 10 желтоқсан күні түс ауа Атырау-Маңғыстау республикалық тас жолында, Құлсары қаласынан 80 шақырым жерде болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

mgorod.kz-ның мәліметінше, DAF жүк көлігі Тәжікстаннан Түркияға бет алған.

Төтенше оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер сағат 15:54-те өртті ауыздықтады. Сағат 18:45-те өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не себеп болғаны белгісіз. Тіркеме мен мақтаны сақтап қалу мүмкін болмады.