Атырауда 19 жастағы қыз 16-қабаттан секіріп кетті

Ulysmedia

Атырауда 19 жастағы бойжеткен «Алмагүл» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің 16-қабатынан секіріп, мерт болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

azh.kz-ның мәліметінше, бойжеткен – Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің 3 курс студенті. АМУ-да оның жақсы оқығанын, белсенді болғанын және қоғамдық шараларға қатысқанын айтты.

Белгілі болғандай, бойжеткен бір ай бұрын дәл осылай өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ғимараттардың бірінің жоғары қабатынан секірмек болған кезінде оны күзетші байқап, тоқтатқан.