Шымкент «жасыл» белдеуде болғанымен, әлі де карантин талаптары сақталуы тиіс. Вирустың жаңа штамы көршілес мемлекетттерде анықталғандықтан – шектеуге аса назар аудару қажет, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
otyrar.kz-ның мәліметінше, Шымкентте жыл басынан бері карантин талаптарын сақтамаған нысандарға салынған айыппұл соммасы 183 551 410 теңгеге жетті. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент мамандарының айтуынша, шымкенттіктер әлі де шектеуге аса мән бермейді. Той-жиынға рұқсат етілгенін естіген жұрт тіпті қарапайым ережелерді де сақтамай жатыр.
«Отбасылық мерекелік іс-шаралар, құдалық, той деген сияқты. Мұндай шараларға рұқсат етілген. Қоғамдық тамақтану орындары мен банкет залдарына және тойханаларға. Бірақ міндетті түрде бұл жерде сол нысанның қызметкерлері мен келетін қонақтардың барлығы жасыл мәртебесі болу керек. Сол талап сақталған жағдайда 100 адамға дейін ғана рұқсат етіледі. Одан асып кетсе, талапты бұзған болып саналады», - дейді Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшының орынбасары Алдарқұл Ахметов.
Мұндай салғырттық салдарынан кез-келген уақытта вирус өршуі ықтимал. Баспасөз брифингін өткізген мамандар осылай деп дабыл қағуда. Әсіресі аурушаңдық стастистикасының жоғарылауына желтоқсан айындағы мерекелер тікелей әсер етуі мүмкін. Сондықтан қала тұрғындарын үйде болуға шақырды.