Оралдың медициналық ұйымдарында 56 мың заң бұзушылық анықталды

Ulysmedia

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарын тексеру барысында 56 мың заң бұзу дерегі анықталды. Медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты кемшіліктерге жол берген мекемелер енді 245 миллион теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24kz-ның мәліметінше, сала мамандары қателіктің басым бөлігі емге дейінгі диагностикалық хаттама толтыру кезінде кететінін айтты. Медициналық құжаттарды рәсімдеу барысында жіберілген олқылық та жетерлік. Биыл жалпы денсаулық сақтау саласына 82 миллиард теңге бөлінген. Оның 71 миллиарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тиесілі.

«Науқас емделуге келгенде медициналық көмек көрсету құнын негізсіз арттыру деген ұғым бар. Мәселен, пневмония диагнозымен ауыр халде деп танылған науқасқа белгілі мөлшерде қаржы жұмсалады. Тексеруші мамандар болса науқастың ауруханаға түскен халі орта жағдайда деген ұйғарым шығарады. Егер қателіктер болған болса әр дерекке қатысты 10, 30, 50%-дық айыппұлдар қарастырылған. Ал егер арнайы сарапшылар ауруханаға жатқызылған науқастың емі күндізгі стационарда жүргізілу керек деп тапса, ол медициналық ұйымға 100% көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.