Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

Ulysmedia

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz. 

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А.Сарытайға халықаралық іздеу жарияланған.

«Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ – мен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды», - делінген хаьарламада.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылуда.