Орал-Атырау тас жолында тұз тиелген тіркеме жанып кетті

Ulysmedia

15 желтоқсан күні сағат 23:40-та ас тұзы тиелген жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

mgorod.kz-ның мәліметінше, Өрт Орал-Атырау тас жолының 305 шақырымында Ақжайық ауданы Ақсуат ауылына жақын жерде болған.

Өрт 02:43-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі, шығыны мен кінәлілер анықталуда.