Қазақмыстағы ереуіл: тараптар келісіп, жұмыс қайта жанданды

Сырым Қаржас

"Қазақмыс" сайтында ереуілшілердің жұмысқа қайта оралғаны туралы хабарлама пайда болды, деп жазады Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Саяқ, Жайсаң кеніштері мен Жезқазған мыс балқыту зауытындағы жұмыс қайта жанданды, деп хабарлады "Қазақмыс"баспасөз қызметі.   

Компания табысты келіссөздер мен жұмыс беруші тарапынан түсіндіру жұмыстары нәтижесінде тараптар келісімге келді деп жазады.

Жұмыс беруші мен қызметкерлер еңбек жағдайлары бойынша бірыңғай келісімге келді, – делінген компания хабарламасында.

ЕРЕУІЛ

Еске салсақ, бұған дейін "Қазақмыс" корпорациясының "Жезқазғанцветмет" Оңтүстік Қазақстан филиалының №65 кенішінің қызметкерлері ереуілге шыққан болатын. 

250-ден астам кенші алдымен жалақыны 30%, кейін 100% көтеруді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан қысымды тоқтатуды талап еткен.

Алайда "Қазақмыс" ереуілге шыққан жұмысшылардың жалақысын көтеруден бас тартты.