Солтүстік Қазақстан облысында жолда табылған, бірнеше жерінен оқ тиіп зақымданған нөмірсіз көлік білім саласы мекемесіне тиесілі болып шықты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«18 желтоқсанда сағат 11:00 шамасында Чистое ауылының маңында «Челябинск – Новосибирск» автожолының 635 шақырымында мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ, зақымдалған «Hyundai Accent» автокөлігі (жүргізуші жағындағы есікте екі бытыра белгісі) табылды. Аталған дерек бойынша зардап шеккендер жоқ. Автокөлік ҚР БҒМ СҚО білім саласындағы бақылау департаментіне тіркелгені, оған Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны бекітілгені анықталды», – деп мәлімдеді өңірдің полиция департаменті.