Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды: ол кім

Сырым Қаржас

Нұралхан Көшеров Түркістан облысына әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

ЖАҢА ӘКІМ ЖАЙЛЫ

Нұралхан Көшеров 1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы "Экономист" мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "Заңтану бакалавры" мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдан 2021 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылдың қаңтарында Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

САТЫБАЛДЫНЫҢ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІ

Түркістан облысын басқарған Дархан Сатыбалды енді қызметін Президент әкімшілігінде жалғастырады. Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда туған. Қазақ, білімі жоғары. С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менеджер, заңгер.

Премьер-министр кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. Сенатор болған. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.