Алматы облысында жол апатынан жолаушы мен 9 айлық сәби көз жұмды

Ulysmedia

Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы алматылық және тоғыз айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: polisia.kz

Polisia.kz-ның мәліметінше, 16 желтоқсан күні сағат 14:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны Chevrolet Cruze автокөлігін басқарып, өзімен бірге Алматы қаласынан жолаушылар алып, Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының батыс бағытында 58 шақырымдық жердегі Алматы-Бішкек автожолымен жүріп келе жатқан 59 жастағы Сарыбастау тұрғыны жүргізіп келе жатқан ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен Алматы қаласының 21 жастағы және 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді. Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Сәби ауруханаға жеткізілгенмен, екі сағаттан кейін көз жұмды.

ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Автомобильді басқаратын адамның екі адамның өліміне әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.