Қызылорда қаласындағы спорт кешендерінің бірінде 7 жастағы бала бассейнге батып кетіп, тұншығып, қайтыс болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Polisia.kz-ның мәліметінше, оқиға 14 желтоқсанда болған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау салдарынан абайсызда өліміне әкеп соққан әрекеттер) және 306-бабының 3-бөлігімен (Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн қызметтер көрсету нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер) тіркелді.
Осы оқиғаға жол берген кінәлі адамды анықтау және іс-әрекетке құқықтық баға беру бағытында қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды.