Оқиға 20 желтоқсан күні кешкі уақытта Қостанай облысы, Торғай ауылында болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ng.kz-ның мәліметінше, Мәуленов пен Құлжанов көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo көлігін басқарған 62 жастағы жүргізуші 14 жастағы қызды қағып кеткен.
Жүргізуші жергілікті мектептің директоры болып шықты. Сараптама қорытындысы бойынша оның жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр, сараптама тағайындалды.
Зардап шеккен оқушы қыз Жангелдин аудандық ауруханасына жеткізілген соң дәрігерлерге тексеріліп, үйіне шығарылды.
Қостанай облысының білім басқармасы атап өткендей: құқық қорғау органдары талап етсе, аудандық білім бөлімі мектеп директорын сот шешімі бойынша жұмыстан босатады.
Қазіргі уақытта мектеп директоры еңбек демалысында. Ол жұмысқа оралғаннан кейін бұл мәселені білім бөлімі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қарайды.