Шымкенттің бірқатар аудандарынды электр қуаты өшіріледі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қаласында Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы жалғасуда. Жобаға сәйкес қуаты 110 кВ электр желісінің орнын ауыстыру көзделіп отыр. Желіні ауыстыру жұмысы 26 желтоқсан күні сағат 06:00-ден күндізгі 13:00-ге дейін атқарылады.
Осыған байланысты мына шағынаудандарда электр қуаты уақытша сөндіріледі:
Абай ауданы: Қызылжар, Жайлау, Қатын көпір, ш/а Тельман, Ақ ниет, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Куйбышев, Көкжайлау, Агропром, Самал-1,2,4 шағын аудандары;
Қаратау ауданы: Қайнар бұлақ, Достық, Қайтпас-1,2, Ақжайық, Азат, Нұрсәт, Түркістан, Тұран, Ұлағат, Қара жол, Мирас;
Еңбекші ауданы: 18 ш/а, 17 ш/а, Шығыс, Солтүстік, кіші Самал, Сайрам; Әл-Фараби ауданы: Спорт ш/а, Талапкерлер қалашығы, Наурыз, Отырар, Тұран.
Көшелер бойынша: Байтұрсынов, Қонаев, Арғынбеков, Төлеметов, Рысқұлов, Бәдібек би, Жібек жолы, Төреқұлов, Қазыбек би, Әл-Фараби, Дулати, Алматы трассасы, Желтоқсан, Шаяхметов, Ерімбетов, Тәуке хан, Қазиев, Адырбеков, Мәделі қожа.
Әлеуметтік нысандарда электрмен қамтамасыз ету үшін электргенератор пайдалану ұсынылып отыр.
«Қала тұрғындарынан туындайтын уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз», - дейді әкімдіктегілер.