5 сынып оқушысы төрт баланы өрттен аман алып қалды

Ulysmedia

Жанып жатқан саяжай үйінен төрт баланы құтқарып қалған қостанайлық оқушыға ата-аналары алғыс айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Фейсбук парақшасынан

Бұл туралы блогер Александр Цой facebook парақшасына жазды. Өрт 25 желтоқсанда түстен кейін Қостанайдағы «Садовод» саяжай үйлерінің бірінен шыққан. Ол уақытта 5 сынып оқушысы Олег Пирог далада ойнап жүрген. Кейін қалың түтінді байқап, көршілерінің үйі жанып жатқанын көрген. 

«Үйдің төбесі отқа оранған екен. Қоршауда тесік болған, содан өтіп, балалар қағып жатқан терезені итердім. Күртешемді шешіп, қарға қойдым, сөйтіп терезеден бір-бірден алып шыға бастады, өйткені есік жанып жатты. Бір баланың үстінде киім жоқ екен, оған шалбар тауып бердім. Төртінші баланы құтқаруға кірмек болғанымда, бір ер адам келіп, өзі кірісті. Адреналиннің күшімен қорқыныш болмады», - дейді бала.

Мектеп оқушысының айтуынша, ол ер адаммен бірге көшеде қатып қалған газ баллонын алыс қойған. Кейін өрт сөндірушілер мен ата-анасы келген. Балалар аман-сау, барлығының жасы екіден сегізге дейін Олег Пирог Қостанай қаласындағы №22 мектепте оқиды, одан басқа отбасында тағы бес аға-әпкесі бар. 

«Оқиға орнында төрт техника, өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан 17 адам және қаланың басқа да шұғыл қызметтері жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын алып шықты. Құтқарушылар өртті сағат 12.07-де сөндіріп, көрші саяжай учаскелеріне таралу қаупін жойды. Сағат 12.28-де өрт сөндірілді», - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Пешті дұрыс пайдаланбағандықтан өрт шыққан.