Қостанайда бұғылар видеотұзаққа түсіп қалды

Ulysmedia

Наурызым қорығында бұландар видеотұзаққа ілінді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанайдағы қорықта бұғылар видеотұзаққа түсіп қалды.

Қазақстанда бұлан саны 6555 –ке жеткен. Бұлан – бұғылар тұқымдасына жататын, ең ірі сүтқоректі тұяқты жануар. Ең көп бұлан Шығыс Қазақстан облысында кездеседі. Видеотұзаққа ілінген бұландар Наурызым қорығында түсірілген. Түсірген министрліктің инспекторы – Жандос Омаров.