Таразда қаланың бас шыршасы өртенді

Ulysmedia

1 қаңтар күні сағат 00:06-да Тараз қаласындағы «Арбат» алаңындағы жасанды шырша жанып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Өрт 00:15-те ауыздықталып, 00:20-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің 14 қызметкері шығып, 4 техника жұмылдырылды.