Ақмола облысының Астрахан ауданындағы Ягодное ауылында өзен тасыды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасыған. Артынша электр беру желісінің екі бағанасы құлап, Ягодное ауылы электр қуатынсыз қалды.
ТЖМ
ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алғашқы болып көмекке келді. Олар электр мамандарымен бірлесіп қалпына келтіру жұмыстарын тікелей жүзу құралынан жүргізді.
Құтқарушылардың жұмысының арқасында ауылда электр қуаты қалпына келтірілді. Адамдар үйлерінде қайтадан жарықпен отыр.
СУ ТАСҚЫНЫ
Еске салайық, бұған дейін 12 сәуірде Ақмола облысында ондаған үйді су басқанын хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар министрлігі облыстағы су тасқыны жағдайын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысының Астрахан ауданы Жаңатұрмыс, Колутон, Старый Колутон, Ягодное және Атбасар ауданы А.Құрманов ауылдарында 69 жеке тұрғын үйді, ал Бұланды ауданы Новобратское ауылында 29 аула аумағын су басқан.