Келесі аптадан бастап Ақтөбе облысының әкімдігі жұмысты жарты сағатқа ерте бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Облыс әкімінің өкіміне сәйкес 21 сәуірден бастап облыс әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімдігі жұмыс уақытының жаңа режиміне көшеді: 08:30-дан 17:30-ға дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.
Бұл кесте мемлекеттік қызметшілердің пікірін ескере отырып бекітілген. Ішкі сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің 70%-дан астамы жұмыс күнінің ертерек басталуы мен аяқталуының ыңғайлылығын ескере отырып, жұмыс режимінің өзгеруін қолдайтынын көрсетті.
Өзгерістер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған.
21 сәуірге дейін жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ға дейін.