Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 21 адам қаза болды

Ulysmedia

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қызылорда облысындағы тәртіпсіздік кезінде 21 адамның қаза болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар саны белгілі болды.

«Осы кезеңде 204 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың 48-і стационарлық емделуде, 13 адам жансақтау бөлімінде жатыр, оның жетеуі – әскерилер. Бір әскери қызметкер қаза болды. Жалпы қаза болғандар саны 21 адам», - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.