СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басқан аймақтарды қайықпен аралап жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Әкім қайықпен Есіл өзенінің жайылмасында орналасқан және жыл сайын су тасқынына ұшырайтын Заречный кентіне барған. Нұрмұхамбетов fқзір жағдай тұрақты деп сендірді.
- Су тұрғын үйлерге кірген жоқ. Оқиға орнында қалалық әкімдік, құтқарушылар мен полиция қызмет атқаруда, тәулік бойы кезекшілік бар, қорғаныс бөгеттері нығайтылған. Барлығы 200 адам жұмылдырылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Барлық қызметкерлердің жанқиярлық еңбегі үшін алғысымды білдіремін, дейді Нұрмұхамбетов.
Әкімнің сөзінше, қазір екі көпқабатты үйдің құрылысы басталған, бұл үйлерге Заречныйдан көшірілетін отбасылар қоныстанады. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүруде, және жыл соңына дейін адамдар жаңа жайлы баспанаға ие болады.
БҰҒАН ДЕЙІН
25 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысындағы Тепличное ауылы тұрғындары эвакуацияланған болатын. Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілді. Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды: Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 198 мекенжайындағы жатақхана.
СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ ШАРЫҚТАУ ШЕГІ
Еске салайық, бұған дейін әкімдік отырысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайы хабарлаған болатын. Облыс әкімінің айтуынша, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет үшінші толқын байқалуда. Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28–30 сәуірде болуы мүмкін екені хабарланған еді.