Петропавлда үйдің іргетасын қару-жарақпен қалаған адам іздестіріліп жатыр

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

Петропавл қаласындағы жеке тұрғын үйдің іргетасынан елуге жуық атыс қаруының бөлшектері табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

КТК мәліметінше, құқық қорғау органдары бұл қарулардың құрылыс материалы ретінде не себепті пайдаланылғанын анықтап жатыр.

Қару бөлшектері Заречный елді мекенінде тасқынға қарсы жұмыс жүргізіп жатқан әскери қызметкерлерге кездейсоқ тап болды. Олар үйдің іргесін су тасқынынан қорғау үшін қапшықтарға құм толтырмақ болған. Сол сәтте іргетастан қарудың ұңғымасы көзге түскен.

46 ҰҢҒЫМА МЕН БӨЛШЕК ЖИНАЛДЫ

Бастапқыда бірнеше аңшы мылтығының бөлшектері табылғанымен, кейін іргетасты толық қопарғанда жалпы саны 46 ұңғыма мен басқа да қару бөлшектері шыққан. Құрылысқа мұндай заттарды кім және не үшін қолданғаны әзірге белгісіз. Полиция бұл дерек бойынша тергеу жүргізіп, жауаптыларды анықтауға кірісті.