Оралда тоққа түскен бала қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДЕНЕСІНІҢ 95%-ЫН КҮЙІК ШАЛҒАН
Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның денесінің 95%-ын төртінші дәрежелі күйік шалған. Бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалаған еді.
“Мой город” мәліметінше, ауыр халде жатқан бала 2 мамыр күні қайтыс болған.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастағанын хабарлады. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, 1 мамыр күні Орал қаласында 9 жасар бала тоққа түскенін хабарлаған едік. Ол сымдарда ілініп тұрған допты алуға әрекет жасаған сәтте жарақат алған.