Алматы тауларында қыздың үстіне тас құлап, мерт болды

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

Алматы тауларында қыздың үстіне тас құлап, мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Қайғылы оқиға 4 мамыр күні сағат 15:13-те болған. Теңіз деңгейінен 2,5 мың метр биіктікте орналасқан Горельник шатқалындағы сарқырама маңында РОСО, 109 Құтқару қызметі, ТЖМ апат медицинасы орталығының дәрігерлері мен екі кинологиялық топ белгісіз азаматтың денесін тапты. Марқұмның тіршілік белгілері болмаған, оның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

АЛМАРАСАНДАҒЫ ОҚИҒА

2 мамыр күні сағат 16:30 шамасында Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалында қатты жел мен нөсер жаңбыр салдарынан термалды демалыс аймағындағы бір демалыс орнына тас құлаған. Оқиға орнына Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі мен ТЖД инспекторлары жетіп, жағдайды бақылауға алды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

ТАУДА АДАСЫП КЕТКЕН ЕКІ ҚЫЗ

7 мамыр күні 2003 және 2004 жылы туған екі қыз таудағы бағытты дұрыс есептемей, түнде адасып қалған. Сағат 19:02-де РОСО мен Алматы қаласы 109 Құтқару қызметінің мамандары Талғар ауданындағы Букреева шыңы маңына іздеуге шықты. Қыздар 00:35 шамасында табылып, қалаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ЕСКЕРТУ

Бұған дейін "Қазгидромет" дауылды ескертулер жариялап, МЧС таудағы қатты жауын-шашын мен желге байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырған еді. Бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары, ұялы байланыс жүйелері мен туристік чаттар арқылы жүйелі түрде хабарланып келеді.