Ақтөбелік журналистерді шетінен тергеуге шақырып жатыр

Ulysmedia

КТК-ның Ақтөбедегі меншікті тілшісі Жаңалық Ахаш телефон арқылы шақырту алып,  облыстық полиция департаментінде тергеуде болды. Келесі кезекте «Азаттық» радиосы мен 31 арнаның журналистері шақырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының тілшісі жазды.

«Мені бір сағаттай тергеді. Митингіге қандай мақсатпен барғанымды сұрады, әртүрлі ұйымдардың мүшесімін бе, мүшесі емеспін бе – сол туралы сұрады», - деп жазды Жаңалық Ахаш Инстаграм парақшасына.

Еске сала кетсек, 9 қаңтардан 10 қаңтарға қараған түні полиция қызметкерлері Orda.kz мен Nur.kz-ның Ақтөбедегі меншікті тілшісі Ардақ Ерубаеваның пәтерін тінтіп, учаскеге алып кеткен.