Оқиға таңғы сағат 08:00 шамасында болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
mgorod.kz-ның мәліметінше, КамАЗ мен Toyota Camry бетпе-бет соқтығысқан.
Апат салдарынан өрт шығып, жолаушылар көлігі жанып, бес адам қаза болды. Қаза болғандардың кім екені әлі анықталмады.
«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деп хабарлады полицейлер.