Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев төрт жасар қызы – Айкөркем Мелдіханнан айырылып қалған көпбалалы отбасына барды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүлдіршіннің әкесі Айдос Мелдіхан мен анасы Динара Әбдімісовағаның орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.
Айкөркем Алматыдағы қақтығыс кезінде мерт болса, 15 жастағы әпкесі Жанель жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр.
Бақытжан Сағынтаев Жанельдің тез арада сауығып кетуін және ата-анасына сабыр тіледі. Отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, аталған отбасыға 3 бөлмелі пәтер беріледі.