Таразда ауыз судан улы зат бөлініп жатқаны рас па

Сырым Қаржас
Фото: Pixabay

Әлеуметтік желілерде Тараздағы ауыз суға улы заттар түсті деген жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Таратылып жатқан мәліметтерге сәйкес, Тараз қаласының ауыз суына уытты заттар араласқан-мыс, сондықтан оны ішуге болмайды делінген. Алайда бұл ақпаратты жергілікті билік жоққа шығарды.

БИЛІК НЕ ДЕЙДІ

"Жамбыл Су" ШЖҚ КМК су құбырында ешқандай улы зат не ластану тіркелмеген ресми түрде мәлімдейді. Су беру жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Ауыз судың сапасы күн сайын тексеріледі және санитарлық талаптарға толықтай сәйкес келеді, – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Тұрғындарға жалған ақпаратқа сенбеуге кеңес беріліп, тек ресми дереккөздерге жүгіну ұсынылды. Ауыз суды пайдалануға тыйым салынды деген мәлімдеме – фейк екені баса айтылды.