Қақтығыс кезінде Алматыда бизнеске 94,4 млрд теңге шығын келтірілді

Ulysmedia

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Қошмамбетов тәртіпсіздіктер мен тонаулардан бизнеске келген шығын туралы соңғы мәліметтерді жариялады. Бұл туралы ол қалалық штаб отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Палата басшысының айтуынша, 3-16 қаңтар аралығында «Атамекен» ҚР ҰКП «1432» бірыңғай байланыс орталығына 7938 қоңырау түскен. Оның ішінде 2226 қоңырау тек талан-таражға салу мәселелеріне қатысты болса, 695 қоңырау бизнесті қалпына келтіру және залалды бағалау алгоритміне қатысты.

Палатаның мәліметінше, Алматыда 1876 нысанда орналасқан 1573 зардап шеккен кәсіпкерлік субъектісі анықталды. Бұл ретте оның 1437-сі – саудаға, 44-і – қоғамдық тамақтандыруға, 64-і – қаржы саласына, 23-і – логистикаға қатысты.

Ірі кәсіпкерлік секторында 68 кәсіпорын зардап шекті, оның ішінде 13 млрд теңгені құрайтын 36 кәсіпорын шығынды есептеп жатыр.

Алматыда орта бизнестен 80 кәсіпорын зардап шекті, оның ішінде 44 кәсіпорын сомасы 11 млрд теңгеден астам залал келгенін мәлімделсе, 36 кәсіпорын шығынды есептеп жатыр.

Шағын кәсіпкерлік саласында 1455 кәсіпорын зардап шекті, оның ішінде 969 кәсіпорын мәлімделген сомасы 76 млрд теңгеден асса, 553 кәсіпорын шығынды есептеп жатыр.

Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, келтірілген шығынның жалпы сомасы, шамамен алғанда, 94,4 миллиард теңгеден асады.