Нұр-Сұлтан тұрғыны қызды 14-қабаттан лақтырып жібермек болған

Ulysmedia

Астанада 23 жастағы жігіт 22 жастағы қызды 14-қабаттан лақтырмақ болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: polisia.kz

polisia.kz-ның мәліметінше, 22 қаңтарда «102»-ге қолында тапанша ұстаған белгісіз біреу қызды Сарайшық көшесінің бойындағы көпқабатты үйдің 14-қабатына күштеп апарып, лақтырып жібермек болып тұрғаны туралы хабарлама түскен. Бұл әрекетке екеуінің арасындағы жанжал себеп болған.

Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды.

Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қызға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Тапанша ойыншық болып шықты. «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.