Түркістан облысының тұрғындары аймақ басшысы Нұралхан Көшеров туралы ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы тұрғындар Ұлыстың “Ауылға жол” жобасында айтты. Ұлыс тілшілері әкім жайлы сұрағанда, тұрғындардың көбі Көшеровті танымайтын болып шықты.
- Әкімді танимын, бірақ ұмытып тұрмын.
- Облыс әкімін танымаймын.
- Ешкімді танымаймын. Сөздің ашығы. Ешқандай әкімде жұмысым жоқ. Қызықпаймын.
- Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыдан кейін кім екенін білмеймін. Анау айтқандай өзгеріс байқап жатқан жоқпыз. Баяғы жартас сол жартас қой, дейді тұрғындар.