Шетелдік әйел Қазақстанда бүйрегін сатпақ болған

Сырым Қаржас
Polisia.kz

Павлодарда адам ағзасын сатуға әрекет жасаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Павлодарда адам ағзасын сатуға тырысқан әрекетті полиция тоқтатты.

Шілде айының ортасында полицейлерге көрші мемлекеттердің бірінің азаматшасы Павлодарға ағза сату мақсатында келгені жөнінде ақпарат түскен. Ол алдын ала келіссөздер жүргізіп, баға мен шарттарды талқылағаннан кейін келісімге келуге дайын екенін білдірген.

- Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде “сатушы” алдын ала төлем алып жатқан сәтінде ұсталды. Адам ағзасы мен тіндерін заңсыз алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген ІІМ хабарламасында.