Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

Ulysmedia

Атыраулық әйел жасанды ұрықтандыру жолымен сәби сүю мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

«Атырау облыстық перинаталдық орталықта 19 қаңтар күні білікті дәрігерлердің қатысуымен жүкті әйелге операция сәтті жасалды. Салмағы 3 келі, 70 грамм ер бала дүниеге келді. Бойы - 51 см. Жүкті әйел орталыққа қағанақ суы кетіп келгендіктен, ота шұғыл түрде жасалған. Қазіргі таңда ана мен сәбидің жағдайы жақсы», - делінген Атырау облыстық перинаталдық орталығының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.