Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелдің ішінен бір уыс құрт алып шықты

Ulysmedia

Түркістандық дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс құрт алып шықты. Науқастың бойындағы паразитті алып шығу үшін дәрігерлер екі ота жасаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

otyrar.kz-ның мәліметінше, жүктіліктің 37 аптасында 19 жастағы Арайдың оң жақ қабырғасы қатты ауырып, медицина мамандарының көмегіне жүгінген. Тексеру кезінде дәрігерлер жүкті келіншектің бауырынан 15 см және 10 см болатын эхинококк кистасын анықтаған.

Бауырына құрт түсіп жағдайы ауырлаған әйел мен оның баласын аман алып қалу үшін дәрігерлер алдымен кесарь тілігімен ота жасап босандырған. Кейін хирургиялық жолмен науқастың ішінен екі үлкен құртты алып шықты.

«Ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы. Қазір науқас хирургия бөлімінде ем алуда. Отадан кейін асқынулар болмады», - дейді Түркістан облыстық клиникалық аурухана бас дәрігердің хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары Мақсұт Аймағамбетов.

Ота жасалған жүкті әйел қазір облыстық клиникалық ауруханада ем алуда. Кесарь тілігін жасаған акушер гинекологтар жаңадан туылған сәбиді перзентханаға алып кеткен. Науқастың жағдайына алаңдаған туыстары 19 жастағы Арайдың қал-жағдайын білу үшін күніге ауруханаға келіп жүр.

Айта кетейік, бір мезетте екі ота жасалған науқас қазір облыстық клиникалық ауруханада ем алуда. Сәбиінің де жағдайы жақсы. Нәресте, анасы толық емделгенше перинаталды орталықтағы дәрігерлердің бақылауына болады.