Қостанай облысындағы ауыл тұрғыны жатырын алып тастағаннан кейін дені сау сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Қостанай облыстық ауруханасының перзентхана бөлімінде ерекше оқиға орын алды. 7 жыл бұрын жатырын алып тастаған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Белгілі болғандай, босанған әйелде органдардың дамуында ауытқу болған: оның екі жатыры бар.
«Неге олар екінші жатырды байқамады? Байқамай қалуы мүмкін. Әйелге жедел түрде ота жасалды. Көп мөлшерде қан кетіп, жатырын алып тастады. Жүктілік кезіндегі жатырдың қаншалықты үлкен екенін түсінін білетін шығарсыз. Ол кезде әйелдің екінші жатыры дамымай қалған, бірақ өзінің бойындағы гормондарының әсерінен дамыған», - деп түсіндірді Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы.