Өскеменде 600 миллионға салынған көпір опырылып кеткен

Сырым Қаржас
Видео кадры

Өскеменде 600 миллионға салынған көпір опырылып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Өскеменнің әкімі Алмат Ақышовтың өзі хабарлады. Оның сөзінше, қазір көпірдің жағдайын анықтау үшін Алматыдан мамандар шақырылған. 

- Ең алдымен бұл – адамдардың қауіпсіздігі. Одан кейін біз көпірді жауып тастаймыз. Жалпы жағдайға баға беретін мамандарды да шақырдық. Екі жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілгені, 600 миллион теңге игерілгені қынжылтады. Тексеру жүргіземіз. Мұнда кепілдік міндеттемелері бар. Соның негізінде олар қалпына келтірілетін болады. Қаламыздың логистикасына түсетін жүктемені азайтып тұрғандықтан, мүмкіндігінше қысқа мерзімде қайта қалпына келтіруге тырысамыз, – дейді әкім.

Оның сөзінше, көпірді қалпына келтіруге екі айға жуық уақыт кетеді.