Атырауда "жайлы мектеп" бойынша салынған ғимараттың шатыры опырылды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Атырау облысының Құлсары қаласындағы шағын ауданда салынып жатқан мектептің шатырынан бір бөлігі құлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, нысан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынуда және 1200 орынға есептелген.

- Құрылыс аяқталғанға дейін бағдарламаның жауапты әкімшісі - Атырау облысы құрылыс басқармасы, – деп нақтылады ведомство.

Қазір оқиғаның себебі мен зақым ауқымы анықталуда.

ЖОБА ТУРАЛЫ

Ұлттық пилоттық жобаға сәйкес 2023–2025 жылдары 12 мектеп салу жоспарланған. Бұл бастаманы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша және оқу-ағарту министрлігінің тапсырысымен жүзеге асыруда. Компанияның мәліметінше, аталған мектепті «Turan Ascent» ЖШС салып жатыр. Объект 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек.

СЕБЕП

Алдын ала деректерге сәйкес, шатырдың құлауына құрылыс материалдарын сақтау мен жинақтау тәртібінің бұзылуы себеп болған. Нақтырақ айтқанда, спорт залының төбесіне 6 тоннадан астам ауыр жабын материалдары шоғырланып қойылған. Бұл құрылымның жергілікті бөлігінің зақымдануына әкелді.

Қорытынды шешім сараптама нәтижесі бойынша қабылданбақ. Барлық анықталған олқылықтарды мердігер компания жоюға міндеттеледі.