Астанада Қазақстан, Азия және Еуропадан келген профессорлар мен сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Негізгі тақырып – патриот, білімді және шығармашыл ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Адал Азамат: біртұтас тәрбие» президенттік бағдарламасын талқылау.
Ұлттық тәрбие жүйесі
Бағдарлама 2023 жылдан бері жүзеге асырылып, өзінің тиімділігін дәлелдеді. Аталған бағдарлама алты негізгі бағыт пен 77 қадамды қамти отырып, бастауыш сыныптан жоғары сыныптарға дейінгі барлық білім беру деңгейлерін біріктіретін біртұтас тәрбие экожүйесін қалыптастырады.
Балалардың бойында құндылықтарды қалыптастыру үш құрамдас бөлікке негізделген:
Ұлттық құндылықтар білім беру үдерісіне енгізілген. Олар оқу пәндері, сынып сағаттары және сыныптан тыс іс-шараларда көрініс табады. Әр айда мектептерге ортақ тақырып ұсынылады – әділдік, еңбексүйгіштік, патриотизм және тағы басқалар. Осы мақсатта «Өнегелі 15 минут», күй үніндегі қоңырау, ұлттық ойындар сияқты жаңа форматтар енгізіледі. Сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмысына ерекше назар аударылады.
«Адал Азамат» бағдарламасы нені қамтиды?
«Адал Азамат» «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» логикалық жалғасы болып табылады. Оның негізінде алты ірі бастама жалғасуда:
Қосымша «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам», «Буллингтен қорған!», «Қауіпсіз қоғам» сияқты балаларды буллингтен, құқық бұзушылықтардан және басқа да қауіптерден қорғауға бағытталған алдын алу жобалары іске асырылуда.
Ата-аналар — тәрбиедегі басты серіктестер
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығына ерекше мән беріледі. Елде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары (бұдан әрі – Орталық) жұмыс істейді. Орталықта көрсетілген қызмет барысында 326 мыңнан астам сабақ өткізіліп, 3 миллионнан астам ата-ана жеке көмек алды.
Оқу тақырыптары балабақша жасынан бастап жасөспірімдердің дауларын шешуге дейінгі мәселелерді қамтиды. Соңғы екі жылда сауалнама нәтижесінде ата-аналардың білім беру үдерісіне қатысуы үш есе артқаны анықталды.
Бүгінде бағдарлама еліміздің барлық мектептерінде жүзеге асырылуда — 8 мыңнан астам білім беру ұйымы, 4,1 миллион оқушы қамтылған.
Жоғары халықаралық баға
Бағдарлама шетелдік сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Британдық профессор Том Харрисон Қазақстанның тәжірибесі қазіргі әлемдік әдістерге сай келетінін, ұлттық құндылықтар мен жаһандық үрдістердің үйлесімінің үлгісі екенін атап өтті.
Сингапурлық профессор Ляо Шао Цзюнь бағдарламаның дәстүр мен инновацияны, ұлттық басымдықтар мен үздік халықаралық тәжірибелерді үйлестіретін стратегиялық маңыздылығын ерекше атап айтты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Сингапурмен және Ұлыбританиямен бірлесіп Халықаралық тәрбие жөніндегі ұйым құру жөніндегі жұмысты бастау туралы шешім қабылданды.
- Бүгінде тәрбие мәселесі әлемдік деңгейде аса өзекті тақырыпқа айналды. Қазақстан өз ішінде жүйелі қадамдар жасап қана қоймай, тәжірибесін халықаралық қауымдастықпен бөлісуге әзір. Ал Халықаралық ұйым құру бастамасы жаңа ғылыми ізденістер мен ортақ жобалардың дамуына жол ашады, дейді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Серіктестерді таңдау символикалық мәнге ие. Себебі, Сингапур білім беруде дәстүр мен инновацияны тиімді үйлестіруімен танымал, ал Ұлыбритания құндылықтарға негізделген тәрбиені оқу бағдарламаларына енгізуде мол тәжірибеге ие.
Олардың қатысуы бастаманы халықаралық деңгейге көтереді.
«Адал Азамат» бағдарламасы Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық тұжырымдамасына негізделіп, 1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымдарында, оның ішінде жекеменшік мектептерде де енгізілуде.
Осылайша, Қазақстан ел ішінде жауапты азаматтардың жаңа буынын қалыптастырып қана қоймай, балалар тәрбиесі туралы жаһандық диалогтың драйверіне айналуда.