Атырауда студент қыз құрбысын аяусыз соққыға жыққан

Сырым Қаржас
Фото: pixabay

Әлеуметтік желілерде қыздың өз қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы тарап жатыр. Оқиға Атырауда болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Ақ Жайық” мәліметінше, кадрларда бір қыздың екіншісіне тап беріп, жерге құлатып, беті мен ішіне соққы жасайтыны, кейіннен басынан бірнеше рет тепкені анық көрінеді.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жанжал колледж студенттерінің арасында шыққан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
Күдікті уақытша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Алайда олардың қай колледжде оқитыны нақтыланбады.

Полиция оқиғаны телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан жасөспірімнің де әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін атап өтті. Ол төбелесті тоқтатуға әрекет жасамай, керісінше видео таратумен шектелген.