Павлодар облысында өрт шығып, алты адам өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бүгін Павлодар облысы ТЖД 101 қызмет пультіне Солнечный кентінен 7 км қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінің аумағында өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД, ГРЭС-2 МӨҚҚ өртке қарсы құралымдарының, сондай-ақ Солнечный кентінің өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Өрт сөндіру барысында 27 литрлі 8 газ баллоны шығарылды.
Өртті жоюға жеке құрамның 30-ға жуық адамы және 10 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Алғашқы бөлімшелер келгеннен кейін тұрғын үй толығымен өртке оранғандығы анықталды. Өрттің салдарынан шатырдың жартылай құлауы болды. Жалын сонымен қатар іргелес қосалқы құрылыстарға таралып, жалпы ауданы 920 шаршы метрді қамтыды.
АДАМ ӨЛІМІ
Өрт кезінде үйде 7 адам болған. Олардың бірі 1972 жылы туған ер адам өз бетінше сыртқа шықты. Ол жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілуде. Оқиға орнында қаза тапқан алты адамның денесі табылды. Жеке тұлғалар анықталуда, тергеу органдары барлық жағдайларды анықтауға кірісті.