Алматы облысында көлден екі адамның денесі табылды

Ulysmedia

Балқаш ауданы Құйған ауылының екі тұрғыны мотоциклмен Жамбыл облысының Шығанақ ауылына қарай шығып, содан бері із-түссіз кеткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 37 және 35 жастағы ер адамдар  соңғы рет 3 ақпанда байланысқа шыққан. Олардың бірі әйеліне хабарласып, өздерінің адасып кеткенін айтқан.

Келесі күні олардың денесін Балатопар ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы Құйған ауылының тұрғындары Балқаш көлінен тапты (қатып қалған), мотоцикл көлге батып кеткен.

Өлімнің себебі анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта көлдегі мұздың қалыңдығы – үш-бес сантиметр.