Тағы бір жаңаөзендік компания жұмысшылары Президентке талап қойды (ВИДЕО)

Ulysmedia

Желіде Жаңаөзеннен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолданған тағы бір бейнеүндеу тарала бастады. Бұл жолы Президентке "Verety Group" ЖШС қызметкерлері жүгінген, деп хабарлайды Lada.kz

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алдына жиналғандар жұмыс орындарын қысқартпауды талап етті.

Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда Маңғыстаудан бірнеше жұмыс ұжымы Президентке өз талап-тілектерін жеткізген болатын. Олардың қатарында Total, Planika компанияларының және "КаспийПрофСнаб" ЖШС қызметкерлері бар.

Бүгін, 7 ақпанда наразылық акциясына "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" кәсіпорнының қызметкерлері шықты. Олар жалақыны екі есе арттыруды талап етті.