Маңғыстау облысында бір-бірін аямай төбелескен қыздардың ісі сотқа жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, іс Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша қаралған.
СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ?
Сот 2025 жылдың 8 қазанында сағат 21:00 шамасында №29 көшеде 2011 жылы туған Г. есімді кәмелетке толмаған қыз өз құрбысы А.-мен төбелескенін анықтады. Қақтығыс салдарынан жәбірленуші дене жарақатын алған. Оқиға видеосы Instagram-да таралып, қоғамда кең талқыланды. Қыздың анасы Х. өз кінәсін мойындап, жанжал қызының намысына тиіп, бірінші болып арандатқан құрбысының әрекетінен шыққанын түсіндірді. Сондай-ақ ол баласымен тәрбие жұмыстары жүргізіп жүргенін айтқан.
СОТ ҮКІМІ
Даулы видеодағы қыздың анасының кінәсі іс материалдары мен оның өз түсініктемесі арқылы дәлелденді. Сот әйелге 78 640 теңге (20 АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында жасөспірім қыздар арасындағы төбелестің видеосы тараған болатын.