Павлодарда мерекелер алдында қаланы дайындау мен безендіруге жергілікті билік 791,9 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Лоттар мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды. Тапсырыс беруші – Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Үш лотқа сәйкес, қаржы мерекелік конструкцияларды орнату және күтіп-ұстау, жабдықтарды тасымалдау, арнайы техникалар мен қызметкерлер жұмысын ұйымдастыруға бағытталады. Тізімде ондаған түрлі техника бар: автокрандар мен самосвалдардан бастап автобустар, тиегіштер және автовышкаларға дейін. Ең ірі сома – 446,4 млн теңге, тағы 236,6 млн теңге және 108,9 млн теңге дәл осындай жұмыстарға бөлінген.
КОНТЕКСТ
Сметаға техника жұмысының мыңдаған машино-сағаты және мерекелік безендірулерді орнату, конструкцияларды құрастыру және қалалық орындарды мерекелік іс-шараларға дайындауға тартылатын жұмысшылардың жүздеген еңбек сағаттары енгізілген.