Шығыс аймақтарда үштен кейін қараңғы бата бастайды

Сырым Қаржас
Фото: ЖИ

Қыстың ең қысқа күндері жақындағандықтан, түн жылдағыдан да ұзақ бола түсті. Уақытты бір сағатқа кейін шегергеннен кейін Шығыс Қазақстанда қазіргі уақытта түстен кейін-ақ, сағат үштен соң қараңғы түсе бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

yk.kz порталындағы мәліметке сәйкес, 9 желтоқсанда күн 07:05-те шығып, ал 15:28–де батқан. Осылайша, күн ұзақтығы бар болғаны 8 сағат 13 минут болған.

Ертең күн 8 сағат 10 минутқа созылмақ, одан кейінгі күні тағы бір минутқа қысқарады. 17 желтоқсаннан бастап жарық уақыт 8 сағат 5 минутқа дейін азаяды, бұл көрсеткіш 25 желтоқсанға дейін сақталады. Сол күннен кейін ғана күн ұзақтығы бір минутқа артпақ.

АЙТА КЕТЕЙІК

Еске салайық, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне өтті. Ел жазғы уақытқа көшуден бас тартып, сағат тілін бір сағатқа кейін шегерді. Осы өзгерістен кейін Шығыс Қазақстандағы уақыт Астана, Алматы және еліміздің орталық өңірлерімен теңесті.

Бұрынғы уақытқа қайта көшу мәселесі қазір қарастырылып жатқан жоқ.