Ақтау маңында табылған жарылғыш оқ-дәріге қатысты тың дерек шықты

Сырым Қаржас
Lada.kz

Ақтауда бұған дейін оқ-дәрі табылған жерде Түпқараған аудандық полиция қызметкерлері мен № 25744 әскери бөлімінің саперлер тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Билік өкілдерінің хабарлауынша, 15 желтоқсанда сағат 10:00 шамасында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының «102» кезекші бөліміне күмәнді заттың табылғаны туралы хабар түскен. Оны аңшы жағалау сызығынан шамамен 200 метр қашықтықта, Ақтаудан 39 шақырым жерде тапқан.

ЖАҢА ДЕРЕК

Lada.kz мәліметінше, алдын ала деректерге сәйкес, табылған нысан — коррозия басқан П-50-75 маркалы оқу авиациялық снаряды. Оқиға орнына жедел түрде Түпқараған аудандық полиция қызметкерлері мен № 25744 әскери бөлімінің саперлер тобы барған.

Аталған дерек белгіленген тәртіппен тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, болған жайттың мән-жайы нақтылануда.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Ақтау маңында жарылғыш оқ-дәріге ұқсас зат табылған болатын.