Кентауда тамақтану орнында жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Сырым Қаржас
Фото: Кентау ТЖД

Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін түнде Түркістан облысының Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, соның салдарынан өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды.

АДАМ ӨЛІМІ

Оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 2-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар толық медициналық бақылауда.

Жауапты қызметтермен жедел кеңес өткізіліп, жағдай бақылауға алынды. Жедел штаб құрылды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.