Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының ұлы жазған хаттар жарияланды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының ұлы жазған хаттар жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Хатты жоғалып кеткен отбасының ұлы Наурыз жазыпты-мыс. Хаттарды әулеттің туысы Airan media-ға көрсеткен. 

Хабарламаларда Наурыз олардан отбасының шаруасына араласпауды сұрапты. 

- Білмеймін апа айқай шығарып отыр, аққыстаудағылар азғырып қойған ғой келінді, кіргізбеймін ауылға деп қырсығып отыр. 

- Қолында тұрамын ағайынға масқаралама деп сөйлеспей отыр ғой. Әйелім намазхан еді, соны уахабис деп отыр ғой 

- Не дүрліктіріп жатырсыз арыз жазып, проблема аздай өзімізде, пайдаларың тимесе де зияндарыңды тигізбеңдерші, босқа көмектесе алмайсыздар, мысқылдап күлесіздер ғой. 

- Пайдаларыңнан зияндарың көп екен. 

- Өз ата-анама өзім жауап беремін.

- Шаруаларыңыз болмасын, жарар, үйленіп алдым, – деп жазған жоғалып кеткен Наурыз.

Фото: airan media

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУ

Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, Жангелді ауылы тұрғындарының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіге, сондай-ақ қаза тапқандардың 30 жастағы қызы халықаралық іздеуге жарияланды.

Қылмыс жасады деген күдікке Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны ілініп отыр. Сонымен қатар, іске басқа тұлғалардың да қатысы болуы мүмкін деген нұсқа тексеріліп жатыр.